Немістер көші-қон саясатына қарсы көтеріліске шықты

Фотография - Немістер көші-қон саясатына қарсы көтеріліске шықты

Германияның Эрфурт қаласында 8 мыңға жуық тұрғын үкіметтің көші-қон саясатына қарсы көтеріліске шықты

119 0

Германияның Эрфурт қаласында 8 мыңға жуық тұрғын үкіметтің көші-қон саясатына қарсы көтеріліске шықты деп хабарлайды ТАСС жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл оқиға соңғы жылдары орын алған наразылықтардың ең үлкені.

Шеруді еуроскептиктердің "Германия үкіметіне балама" атты партиясы ұйымдастырыпты. Олар Германия канцлері Ангела Меркельдің қызметінен кетуін, босқындардың шекарадан өтуіне тыйым салуды талап етті.

Сондай-ақ, қыркүйек айында Таяу Шығыстан ағылған босқындарға Сербия шекарасын жабуды ұсынған венгр премьер-министрі Виктор Орбанды қолдайтындарын айтып, ұрандатты. Көтеріліске Эрфурт қаласының халқы ғана емес, елдің түкпір-түкпірінен де немістер келіп қатысқан.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биылғы қыркүйектің өзінде Германияда 164 мыңға жуық босқын тіркелген. Ал, ел аумағына жыл басынан бері 577 мың мигрант қоныс аударса, босқын атауын алуға 303 мыңнан аса өтініш келіп түскен.

Айта кетейік, аталған партия 2013 жылдың ақпанында құрылды. Партия мүшелері Еуропа елдері арасында бірыңғай валюта енгізудің қате екенін, тек елдің еуроаймақтан шыққанда ғана қарыштап дамитынын алға тартады. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!