БҰҰ: жастар арасындағы жұмыссыздық дағдарысқа дейінгі деңгейден жоғары

Фотография - БҰҰ: жастар арасындағы жұмыссыздық дағдарысқа дейінгі деңгейден жоғары

Соңғы 5 жыл ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп, 2014 жылы 13 пайыз деңгейінде тұрақтаған болатын

443 0

Соңғы 5 жыл ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп, 2014 жылы 13 пайыз деңгейінде тұрақтаған болатын. Дегенмен, бұл көрсеткіш дағдарысқа дейінгі деңгейден (11,7%) әлі де жоғары. Бұл туралы БҰҰ Жаңалықтар орталығының мамандары мәлім етті.

Мұндай деректер Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жастардың жұмыспен қамтылуы туралы баяндамасында жазылған. Онда 2009 жылы әлемде 76,6 млн жұмыссыз жас болған, ал 2014 жылы олардың саны 3,3 миллионға қысқарды деп көрсетілген. Баяндама авторларының айтуынша, дамыған елдердегі және Еуропа одағындағы жұмыссыздық көрсеткіштері 2012 жылмен салыстырғанда шамамен 1,4 пайызға, ал ТМД мемлекеттерінде осы кезең аралығында әрі барғанда 0,5 пайыз төмендеген.

"Жалпы, әлемде жұмысқа жарамды жастағы жастар не жұмыс істемейді, не жұмыс істейтін кедейлер санатына жатады. Баяндамада айтылғанындай, табысы аз мемлекеттерде миллиондаған жас оқудан шығып, жастайынан жұмысқа салынады екен. Мәселен, кедей мемлекеттерде жұмыс істейтін жастардың 30 пайыздан астамының арнайы білімі жоқ, табысы орташа мемлекеттерде 6 пайыз, ал өнеркәсібі дамыған елдерде – 2%", - деп жазылған баяндамада.

 

Bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!