Ким Чен Ын қарындасын қызметтен босатты

Фотография - Ким Чен Ын қарындасын қызметтен босатты

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын қарындасы Ким Ё Чжонды қауіпсіздік қызметіндегі лауазымнан айырды. Бұл туралы The Telegraph хабарлайды.

286 0

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын қарындасы Ким Ё Чжонды қауіпсіздік қызметіндегі лауазымнан айырды. Бұл туралы The Telegraph хабарлайды.

БАҚ ақпаратына сәйкес, қарындасы ағасының қарамағындағы Корея еңбек партиясы протоколының басшысы болып осыдан 2 жыл бұрын қызметке кіріскен. Мұнымен қоса ҚХДР басшысының саяси кеңесшісі болған ол, Ким Чен Ынның күнделікті имиджі үшін де жауаптылықты арқалап, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Бірақ келеңсіз жәйттер желісінен соң жас маман қызметтен шеттетілді. Атап айтсақ, жастарға арналған іс-шара барысында қауіпсіздік күзеті жетем дегенше, алып-ұшқан бір топ адам Ким Чен Ынға қарай өтіп кетіп, жетіп барған. Ал мұндағы кеңшарлардың бірінде өткізіліп жатқан концертте музыканттардың бірі гитарамен Солтүстік Корея жетекшісінің басын жара жаздаған, деп жазады gazeta.ru.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!