Саудия Ресейге жауап ретінде Сирия оппозиционерлерін қаруландырмақ

Фотография - Саудия Ресейге жауап ретінде Сирия оппозиционерлерін қаруландырмақ

Ресейдің әуеден жүргізіп жатқан операцияларына жауап ретінде Сауд Арабиясы Сирия оппозиционерлерін қаруландыратынын мәлімдеді. Бұл жайында BBC News корольдіктегі сенімді дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

464 0

Ресейдің әуеден жүргізіп жатқан операцияларына жауап ретінде Сауд Арабиясы Сирия оппозиционерлерін қаруландыратынын мәлімдеді. Бұл жайында BBC News корольдіктегі сенімді дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Нақтысын айтқанда, билікке қарсы күресіп жатқан тарап танктерге қарсы қолданатын қарумен жабдықталатын болады. Сонымен қатар, Эр-рияд "жер-аспан" ракеталарын да сириялық көтерілісшілерге тасымалдауды көздеп отыр.

Дегенмен, аталған қару-жарақты Саудия өкілі «Ислам мемлекеті» және «Фронт ан-Нусра» лаңкестік топтарына берілмейтінін мәлімдеді.

Сауд Арабия корольдігінің билігі Ресейді қарапайым халықты қырып жатыр деп айыптауда. Мәскеу мен Дамасктың әуеден жүргізіп жатқан операцияларынан "Ислам мемлекеті" емес, Сирияның қарапайым тұрғындары зардап шегіп жатыр дейді олар.

Ал, РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова болса тағылған бұл айыпты жоққа шығарды. "Бұл айыптардың барлығы дәлелсіз. Барлығы белгісіз, аты аталмаған дереккөздерге сүйене ақпарат таратып отыр" деді СІМ өкілі.

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!