Көші-қон дағдарысы Германия билігін баспана саясатын қайта қарауға мәжбүрлеуде

Фотография - Көші-қон дағдарысы Германия билігін баспана саясатын қайта қарауға мәжбүрлеуде

Баспанадан онсыз да таршылық көріп отырған Германия қалалары көші-қон дағдарысының ушығуынан кейін әбден тығырыққа тірелді

1029 0

Баспанадан онсыз да таршылық көріп отырған Германия қалалары көші-қон дағдарысының ушығуынан кейін әбден тығырыққа тірелді. Қазір жыл сайын елге 350 000 жаңа пәтер қажет. Ал 2014 жылы бар болғаны 220 000 дана тұрғын үй бой көтерген, деп хабарлайды prian.ru. Ал баспана тұрғызуға ел билігінің қатаң әкімшілік кедергілері тұсау болып отыр. Неміс құрылысшылары жылдар бойы мұңын шағып келсе де, мемлекеттің тұрғын үй құрылысына қатысты саясаты еш өзгермеген еді. Енді биыл елге 800 000 босқын пана іздеп келеді деген болжамнан үріккен саясаткерлер өз қателіктерін түсініп, әрекетке көшкен сыңайлы. 

«Біз ғимараттарға тағы бірнеше қабат қосқымыз келеді, алайда бұған рұқсат алу үшін үш-бес жыл уақытымыз кетеді», - дейді Vonovia SE ірі жеке үй иелерінің бас атқарушы директоры Рольф Бух ағынан жарылып. «Қаржы жағынан қысылып отырған жоқпыз, шамамыз жетеді, алайда саяси процесс өте баяу жүреді», - деп толықтырды ол.

Бүгінде өзгелерден қатаң ережелерімен ерекшеленетін Германия тұрғын үй құрылысы бойынша Еуропадағы ең қымбат елдердің бірі саналады. Енді Ангела Меркельден бастап аймақтық билікке дейінгі ресми тұлғалар қаржыландыруды арттыру мен әкімшілік кедергілерді жұмсарту арқылы құрылысты ынтыландыру жолдарын іздеуге кірісті.

Таяуда Германия канцлері билікпен қолжетімді баспана тұрғызуға бөлінетін субсидияны екі есе ұлғайту жағын келісті.

Көші-қон дағдарысы инвесторлар мен ел билігін бұл мәселеге жаңа көзқараспен қарауға мәжбүрлеп отыр. Мысалға, Маркус Гильднер құм тас пен гипсокартонды пайдаланып, 60 босқынға арналған баспана салуды қолға алды. Айтуынша, мұндай үш қабатты таунхаустың құрылысы 50% арзанға түскен.

 

 

BNews.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!