Гондураста автобус өрт сөндіру көлігімен соқтығысып, 17 адам қаза тапты, ішінде 6 бала бар

Фотография - Гондураста автобус өрт сөндіру көлігімен соқтығысып, 17 адам қаза тапты, ішінде 6 бала бар

Жұма күні Гондурастың солтүстігінде болған жол-көлік апатында кем дегенде 17 адам қаза тапты, 14-і жарақат алды. Жергілікті билік хабарлағандай, Йоро департаментінде жолаушылар автобусы өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан

298 0

Жұма күні Гондурастың солтүстігінде болған жол-көлік апатында кем дегенде 17 адам қаза тапты, 14-і жарақат алды.  Жергілікті билік хабарлағандай, Йоро департаментінде жолаушылар автобусы өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан.

Қаза тапқандардың ішінде 6 бала болғаны анықталды. Үшеуі Сан-Педро-Сула қаласының ауруханасында көз жұмды. Жапа шеккендерді қауіпсіз жерге шығару үшін тікұшақ пайдаланылды.

Нұсқалардың біріне сәйкес, жүріп бара жатқан автобус аударылып, өрт сөндіру көлігіне соғылған. Ал өзге мәліметтерге қарағанда, автобус жүргізушісі белгісіз бір себептермен көлікті басқара алмай қалған. Құзырлы орган оқиғаның анық-қанығын анықтауға кірісті, деп хабарлады ТАСС.

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!