Түркияда Президентке тіл тигізгені үшін Today's Zaman газетінің бас редакторы тұтқындалды

Фотография - Түркияда Президентке тіл тигізгені үшін Today's Zaman газетінің бас редакторы тұтқындалды

Түркияда журналистерді тұтқынға алудың бұл алғашқы оқиғасы емес. Тайып Ердоған президент болып сайланған өткен жылдың тамыз айынан бері жүздеген адамға «мемлекет басшысына тіл тигізді" деген айып тағылған.

190 0

Today's Zaman газетінің бас редакторы Бюлент Кенеш тұтқынға алынды. Оған танымал Twitter-дегі микроблогы арқылы ел президенті Режеп Тайып Ердоғанға тіл тигізді деген айып тағылуда. 

Ал Бюлент Кенеш бұл айып орынсыз екенін, ол тек заңмен белгіленген сөз бостандығын пайдаланып сын айтқандығын алға тартты. Кеше Ыстамбұл полициясы бас редакторды жұмыс орнынан ұстап әкетті. Бүгін іс сотта қаралады деп жоспарлануда. "Түркияда журналистерді тұтқынға алудың бұл алғашқы оқиғасы емес. Тайып Ердоған президент болып сайланған өткен жылдың тамыз айынан бері жүздеген адамға "мемлекет басшысына тіл тигізді" деген айып тағылып, тергеу амалдары жүргізілген. Тіпті осы жаламен ағымдағы жылдың маусым айында Бюлент Кенешті 21 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарылды", - деп хабарлайды  24.kz Today's Zaman газетіне сілтеме жасап. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!