50-ден астам шіркеу орналасқан шаһарда алғашқы мешіт ашылды

Фотография -  50-ден астам шіркеу орналасқан шаһарда алғашқы мешіт ашылды

Солтүстік Каролина (АҚШ) штатындағы Чапел-Хилл қаласында алғашқы мешіт ашылып, мұсылмандарға қуаныш сыйлады.

454 0

Солтүстік Каролина (АҚШ) штатындағы Чапел-Хилл қаласында алғашқы мешіт ашылып, мұсылмандарға қуаныш сыйлады. Қаладағы діни азшылықты құрайтын мұсылман жамағатының қалада құлшылық ордасының салынуын сұрап жүргендеріне бес жыл уақыт болған көрінеді.

Қазіргі уақытта шаһарда 50-ден астам шіркеу, еврей синагогасы және екі буддалық ғибадатхана бар көрінеді. Алайда, алғашқы мешіт енді ғана ашылып отыр. Кездескен кедергілер мен қиындықтарға қарамастан қаладағы жүзге жуық мұсылман жамағаты осы кезге дейін құлшылықтарын жергілікті шіркеулердегі бөлмелерде өтеп келген. Ара-тұра көрші қаладағы құлшылық ордаларына барып тұратынбыз дейді кейбірі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!