Анкарадағы лаңкестік әрекеттен қаза тапқандардың саны 95 адамға жетті (ФОТО, ВИДЕО)

Фотография - Анкарадағы лаңкестік әрекеттен қаза тапқандардың саны 95 адамға жетті (ФОТО, ВИДЕО)

"Шабуыл салдарынан 246 адам ауруханаларда емделіп жатыр. 95 азаматымыз көз жұмды", - делінген мәлімдемеде. Жарақат алғандар 29 ауруханаға жатқызылды.

367 0

Анкарада екі бірдей қуатты жарылыстан қаза тапқандардың саны 95 адамға жетті. Бұл туралы Түркия премьер-министрі әкімшілігі жанындағы үйлестіру орталығы хабарлады. 
         
"Шабуыл салдарынан 246 адам ауруханаларда емделіп жатыр. 95 азаматымыз көз жұмды", - делінген мәлімдемеде. Жарақат алғандар 29 ауруханаға жатқызылды. 

Түркияда әрекет ететін бірде-бір лаңкестік топ жарылысты өз мойнына алған жоқ, деп хабарлайды ТАСС.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Түркия астанасы Анкарада бейбіт шеру өтетін теміржол вокзалының жол қиылысында екі дүркін жарылыс болды.

Оқиғаға байланысты кеше, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған.

Шеруге елдегі үкіметтік емес ұйымдар мен жетекші саяси партиялардың өкілдері қатысады деп жоспарланған болатын.

bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!