Түркиядан Грекияға заңсыз жолмен өтпек болған 350 Сирия азаматы ұсталды

Фотография - Түркиядан Грекияға заңсыз жолмен өтпек болған 350 Сирия азаматы ұсталды

Жандармерия жасақтары ауыл тұрғындарынан хабар алып, оқиға болған жерге жетті.

216 0

Түркияда заңсыз жолмен Грекияға өтуге әрекеттенген 350 Сирия азаматы ұсталды, деп хабарлайды trt.net.tr.
Мигранттар Грекияның Лесбос аралына жету үшін Айважык жағасына қарай 4 автобуспен жолға шыққан. Көліктердің бірі Биганың Йолинди ауылы маңында бұзылып, қалған автобустар көмектесу үшін тоқтайды. Осы кезде босқындардың кейбірі ауыл тұрғындарынан көмек сұраған.

Жандармерия жасақтары ауыл тұрғындарынан хабар алып, оқиға болған жерге жетті. Жандармерияның аудандық бөлімшесіне жеткізілген Сирия азаматтары Шетелдіктерді кері қайтару орталығына жолданды.

Автобус жүргізушілері мен заңсыз көші-қонды ұйымдастырған екі адам тұтқындалды.


bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!