Беларусьте президенттік сайлау өтті деп танылды

Фотография - Беларусьте президенттік сайлау өтті деп танылды

Президенттікке кандидат ретінде төрт адам: Сергей Гайдукевич, Татьяна Короткевич, Александр Лукашенко және Николай Улахович тіркелді.

246 0

Беларусьте президенттік сайлау өтті деп танылды, сайлаушылардың оған қатысуы жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де 64,90% құрады, деп хабарлайды БЕЛТА елдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сілтеме жасап. 
Соңғы мәліметтер бойынша дауыс берушілер саны жағынан Гомель облысы көш бастап тұр (сайлаушылардың 73,86%), ал ең аз дауыс берушілер Минск қаласында байқалған (52,00%). 

Шетелдердегі учаскелерде аталған уақытқа дейін азаматтардың 66,92% пайызы дауыс берген.

Еске салайық, сайлауда сайлаушылар тізіміне енгендердің ел азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысқанда Беларусь Президентінің сайлауы өтті деп есептеледі. 

Президенттікке кандидат ретінде төрт адам: Сергей Гайдукевич, Татьяна Короткевич, Александр Лукашенко және Николай Улахович тіркелді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!