Ирак әуе күштерінің шабуылы барысында ИМ басшысы жараланды

Фотография - Ирак әуе күштерінің шабуылы барысында ИМ басшысы жараланды

Ирак ӘӘК-ның "Ислам мемлекеті" лаңкестік тобынының колоннасына шабуылы барысында батыстағы Анбар провинциясында ИМ басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади жараланды.

276 0

Ирак ӘӘК-ның "Ислам мемлекеті" лаңкестік тобынының колоннасына шабуылы барысында батыстағы Анбар провинциясында ИМ басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади жараланды. Бұл туралы ТАСС ирандық  IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ирак ӘӘК-нің батыс Анбар провинциясында ИМ колоннасына авиашабуылы нәтижесінде  оның басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади жараланды, сондай-мақ оның үш орынбасары - аш-Шишани, ас-Сури және Әбу Саид әл-Карбули жойылды", - делінген агенттіктің хабарламасында.

"Аш-Шишани ИМ-де насихат мәселелерін басқарды ал-Карбули үздік далалық командир болды. Сондай-ақ ИМ басшылары Әбу Анис ас-Суридің, Омар мен Әбу Камальдің көздері жойылды", - деп оқиғаның мән-жайын баяндады агенттік.

Дәлме-дәл соққы әл-Бағдади бастаған колонна Әл-Карабелех қалашығына кездесуге бағыт алғаны жайлы барлау ақпараты алынғаннан кейін жасалды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!