Қырғызстан түрмесінен 9 лаңкес қашып шығып, 3 адамды өлтірді

Фотография - Қырғызстан түрмесінен 9 лаңкес қашып шығып, 3 адамды өлтірді

Қырғызстанның Төменгі Наурыз елдімекеніндегі №50 түрмеден кеше түнде 9 сотталушы қашып, түзеу мекемесінің 3 қызметкерін өлтірді.

348 0

Қырғызстанның Төменгі Наурыз елдімекеніндегі №50 түрмеден кеше түнде 9 сотталушы қашып, түзеу мекемесінің 3 қызметкерін өлтірді, деп хабарлайды Sputnik. Түрме қызметкерлерінің хабарлауынша, қашқандардың барлығы да Қырғызстанда тыйым салынған "Жайшул-Махди" ұйымының өкілдері болған.

Сонымен қатар, лаңкестер түрменің тағы бір қызметкерін ауыр жаралаған. Олар мекеме ауласындағы көліктердің бірін айдап кеткендігі туралы ақпарат бар. Құқық қорғаушылар қашқындардың бесеуін арнайы операция барысында құрықтады. Қалған төртеуін ұстау шаралары жүргізілуде. Төртеудің екеуі өлім жазасына кесілген, қалған екеуінің үстінен әлі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың барлығы да діни экстремизмді насихаттағаны үшін істі болған.

"Жайшул-Махди" партиясы Қырғызстанда тыйым салынған ұйым. Оның өкілдері 2010 жылы Бішкектегі Спорт сарайының маңында екі бірдей жарылыс ұйымдастырған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!