Ұлыбритания ЕО-дан шықпау үшін қойған шарттарын атады

Фотография - Ұлыбритания ЕО-дан шықпау үшін қойған шарттарын атады

Премьер-министр Дэвид Кэмерон Корольдіктің Еуроодақ құрамында қалуы үшін қойған басты шарттарын атады. Telegraph басылымы жариялаған талаптар төрт баптан тұрады.

539 0

Премьер-министр Дэвид Кэмерон Корольдіктің Еуроодақ құрамында қалуы үшін қойған басты шарттарын атады. Telegraph басылымы жариялаған талаптар төрт баптан тұрады.

Біріншіден, Британия "еуропалық супермемлекеттің" құрылуына қатыспау үшін өзге еуроаймақ елдерімен етене жақындаспайды.

Екіншіден, еуро ЕО-ның басты валютасы болмауы тиіс.

Үшіншіден, Ұлыбритания парламентіне ЕО заңдары жақпай қалған жағдайда, оны қолдамауға және өзінше қайта қарастыруға жол ашатын құзіретті қайтып беру керек.

Төртінші бапқа сәйкес, Одақ құрылымы қайта құрылып, еуро валютасын пайдаланатын 19 ел төл ақшасы бар өзге Еуроодақ мүшелерін басқарып-төскермеуі тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жыл соңына дейін Ұлыбританияда ЕО-дан шығу туралы референдум өткізіледі.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!