Рио-де-Жанейро әлемнің ең қауіпті қалаларының ондығына енді

Фотография - Рио-де-Жанейро әлемнің ең қауіпті қалаларының ондығына енді

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жыл басынан бері зорлық-зомбылық әрекеттерден төрт мың адам бақилық болған.

477 0

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жыл басынан бері зорлық-зомбылық әрекеттерден төрт мың адам бақилық болған.

Бұл 10 айдан кейін жазғы Олимпиада ойындары жалауын көтеретін шаһар тұрғындарын қатты алаңдатып отыр. Тіпті биылғы мәлімет бойынша, Рио-де-Жанейро әлемдегі ең қауіпті 10 қаланың тізімінде көш бастап тұр.

Зорлық-зомбылық. Осы үрейлі сөз Рио-де-Жанейроның екінші атауы іспетті. Мұны басқа емес, жергілікті тұрғындардың өздері айтады. Алдағы жылдың 5тамызында жазғы Олимпиада ойындары басталатын туристік шаһардың халқы қазір қорқыныш құшағында. «Бейбіт Рио» атты ұйым өкілдері қаладағы Копакабана жағажайына бірнеше табыт қойды.

Антонио Карлос Коста, "Бейбіт Рио" үкіметтік емес ұйым президенті:

- Олимпиада ойындары өткелі отырған Рио-де-Жанейро штатында биыл 4 мың адам ажал құшты. Біз бүгін мына жағажайда ең есте қалған қайғылы оқиғаларды бейнелеп отырмыз. Бұл наразылықтың мақсаты – мемлекеттік органдардың назарын болмауы тиіс қайғылы оқиғаларға аудару. Кісі өлімі өте көп. 2016 жылғы Жазғы Олимпиаданы өткізгісі келетін қалада мұндай сұмдық болмауы керек.

Марқұмдардың көбі – полиция мен қылмыстық топ мүшелері арасындағы атыс кезінде оқ тиіп, көз жұмған. Олардың арасында кішкентай балалар да бар. Сол сияқты, қақтығыс кезінде қазаға ұшыраған тәртіп сақшылары да аз емес. "Мұздай қаруланған полицейлер өздерін қорғай алмай жатқанда жалаңқол тұрғындарға не жорық" деген пікір осыдан кейін қалыптасса керек.

 Габриэль де Соуза, даяшы:

- Өкінішке қарай, халық үрей құшағынан арыла алмай отыр. Бұл қалада, тіпті әлемнің ешбір жерінде болмауы тиіс зорлық-зомбылық әрекеттеріне куә болып жүрміз. Әдемі шаһарда осындай қорқынышты жағдайдың орныққаны көңілге қаяу түсіреді.

Гиселе Гиганте, Рио-де-Жанейро тұрғыны:

 - Менің ойымша, бұл біздің елде қадағалаудың жоқ екеніне дәлел бола алады. Біз бақылауды уысымыздан шығарып алдық. Қорғансыздың күйіне тап болдық.

Рио-де-Жанейро билігі болса, жазғы Олимпиада өтетін 2016 жылы қауіпсіздік шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыруға барын салмақ ниетте. Жергілікті үкімет әлемдік дода кезіндегі тәртіпті қадағалауға 85 мың адам тартуды жоспарлап отыр. Бұл 2012 жылы Лондон Олимпиадасындағы қауіпсіздік қызметкерлерінің санынан 2 есе көп.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!