Австралия терроризмге қарсы заңды қатайтады

Фотография - Австралия терроризмге қарсы заңды қатайтады

Австралия үкіметі ұлттық антитеррористік заңнамаға толықтырулар енгізеді.

305 0

Австралия үкіметі ұлттық антитеррористік заңнамаға толықтырулар енгізеді.

Енді осыған сәйкес, полицейлер лаңкестікке қатысты күдікпен ұсталған тұлғаларды айыптаусыз 4 тәулік бойы ұстауға құқылы болады.

 Сондай-ақ "бақылау ордері" деп аталатын шараны (күдіктілер бостандығын шектейтін сот ұйғарымы) қолдануды 16-дан 14 жасқа дейін төмендету көзделді. Бұл туралы Австралия бас прокуроры Джордж Брэндис мәлімдеді.

Бас прокурордың айтуынша, заңға толықтырулар енгізуге Сиднейдегі аудандардың бірінде тіркелген оқиға себеп болды. Мұнда 2 қазан күні Фархад Джабар атты 15 жастағы жасөспірім полиция бөлімшесінен шығып келе жатқан бухгалтерия қызметкеріне кенеттен жетіп барып, тапаншамен басынан атқан. Артынша өзі де полицияның жауап ретінде атқан оғынан қаза тапқан ирандықтың әрекеті «саяси себептерге және терроризммен байланысты» деп бағаланды. Ал таяуда полицейлер Сиднейдің батысындағы баспаналарда тінту жүргізіп, осы қылмысқа қатысты болуы мүмкін 16 мен 24 жас арасындағы 5 күдіктіні тұтқындады, деп жазады ТАСС.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!