ИГИЛ жасөспірімдерден жанкештілер дайындауда

Фотография - ИГИЛ  жасөспірімдерден жанкештілер дайындауда

Содырлар қолға түскен жас жеткіншектерді нағыз жанкештілікке дайындап жатыр.

346 0

Содырлар қолға түскен жас жеткіншектерді нағыз жанкештілікке дайындап жатыр.

Бұл – иудаизм, христиан немесе байырғы өз діндерін сақтап қалған езид балалары. "Ирак пен Леванттың лаңкестік ұйымы" осы топтардың балаларын тұтқындап, әйелдері мен қыздарын күң етеді. Сөйтіп ислам дінін қабылдауға күштеп көндіреді. Жеткіншектерді арнайы әскери лагерьлерге жіберіп, соғыстың түрлі айла-шарғыларына үйретеді. Ең сорақысы, оларды жанкештілікке барып, шаһит болуға дайындайды. Осындай лагерьдің бірінен қашып шыққан 14 жастағы жеткіншек лаңкестер қолында 80-ге жуық бала бар және олардың ең кішкентайы небәрі бес жаста екенін айтқан. Қазір бұл бала отбасымен бірге күрдтердің бақылауындағы босқындар лагерінде.

Рагиб аль-яс Ахмед, жиһадшылар қолынан қашып шыққан бала: - Бізді қаруды шашып-жинауды, оқсалғышты толтырып, оны оқтауды үйретті. Ал дұрыс жасай алмағандарды жазалап, толық үйренгенше азаптайды. Күніне 30 минут бойы жүгіртіп, әлі келмегендерді табанынан ұрып, еңбектеп жүргізді.

24.kz


Тегтер:

содырлар игил

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!