Украинада ойын бизнесі қайта заңдастырылуы мүмкін

Фотография - Украинада ойын бизнесі қайта заңдастырылуы мүмкін

сурет ya2016.com сайтынан

Үкімет мүшелері, депутаттар мен бизнес өкілдері құмар ойындарға рұқсат беру үшін бірнеше заң жобасын әзірлеп жатыр

347 0

Үкімет мүшелері, депутаттар мен бизнес өкілдері құмар ойындарға рұқсат беру үшін бірнеше заң жобасын әзірлеп жатыр.

Ел аумағында казино, лотерея және карта ойындарына 2009 жылы тыйым салынған болатын. Десе де, бизнестің бұл түрі әлі де өміршеңдігін жойған жоқ. Ойынға құмар адамдар сауықханаларда жүр. Айлакер кәсіпкерлер интернет-дәмханалардың атын жамылып, онда ойын автоматтары залын ашып алған. Сарапшылар ойын бизнесін заңдастыру мыңдаған жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді, ал ел қазынасына жылына 5 миллиард украиналық гривна көлемінде қосымша кіріс әкеледі деп сенеді.

Юрий Кожема, Киев ойын бизнесі одағының төрағасы:

- Украинаның халық депутаттары Жоғарғы Радаға үш заң жобасын қарауды ұсынды. Бірі - депутат Береза, тағы бірі – халық қалаулары Романюк пен Кривошея және депутат Немировский ұсынған құжаттар. Бүгінгі басты мәселе – казиноларды орналастыру. Олардың төрт және бес жұлдызды қонақүйлерде ғана орын тепкені дұрыс емес деп есептейміз. Еуропалық елдер мен АҚШ-тың тәжірибелерін ескеріп, сауықханаларды мүмкіндік болса, барлық жерде ашуға рұқсат беру керек.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!