Мигранттар толқынын тоқтату үшін ЕО Түркиядан көмек сұрады

Фотография - Мигранттар толқынын тоқтату үшін ЕО Түркиядан көмек сұрады

Бүгінгі күні Түркияда Сириядан келген 2 млн босқын өмір сүруде

1066 0

Еуропалық одақтың көшбасшылары босқындар ағынын тоқтату үшін Түркиямен тығыз байланыс орнату қажет деген шешімге келді. Бұл жайында ВВС News мәлімдеді.

Бүгін Брюссельде мигранттар мәселесіне қатысты саммит өтіп жатыр. Онда Еуроодақтың Түркиямен тығыз байланыс орнатуға басты назар аудару жоспарланған. Алайда, Анкарада орын алған жарылыстан кейін, үш күн аза тұтуға байланысты келісімдер кейінге қалдырылды.

ЕО Түркияға бірігіп жоспар құруды ұсынады. Онда Еуропалық Одақ Түркиядағы заңсыз келген мигранттарды отанына қайтару, оларды тасымалдауға көмектескен адамдарға қарсы шара қолдану, Түркия жағалауын Еуропалық сот өкілдерінен қарауыл қоюға рұқсат алу, қаржылық және материалдық-техникалық қолдауды арттыруға көмек сұрау сынды мәселелер қаралмақ.

Сонымен қатар, Брюссельдегі отырыста Анкараның босқындарға баспананы пайдалануға беру туралы жаңа шаралары қарастырылып, босқындарды қабылдайтын алты орталықтың тезірек ашылуына жағдай жасау қолға алынады. Сондай-ақ, кездесу барысында Түркия азаматтары үшін Шенген визасын жою туралы мәселе талқылынбақ.

Айта кетейік, биыл 600 мыңға жуық босқын ЕО территориясына теңіз арқылы өтті. Олардың басым көпшілігі Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым көмегімен Түркия арқылы Еуропаға аттанды. 


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!