Әлем байлығының жартысы халқтың бір пайызының қолында

Фотография - Әлем байлығының жартысы халқтың бір пайызының қолында

Кірістегі әлемдік теңсіздік өсіп келеді, орта тап өкілдерінің саны өте байлардың пайдасына азайып келеді

194 0

Кірістегі әлемдік теңсіздік өсіп келеді, орта тап өкілдерінің саны  өте байлардың пайдасына азайып келеді, соның нәтижесінде 2015 жылы әлемдік байлықтың 50 пайызын ғаламшар халқының 1%-ы иеленіп отыр. Бұл туралы «Вести Экономики» басылымы жазғандай, швейцариялық Credit Suisse банкі зерттеу орталығының жаңа баяндамасынан белгілі болып отыр.

Биылғы жылдың есебінде әлем халқының  50% халқы орташа алғанда небәрі 3 мың 210 долларға ғана ие болып отыр. Егер сізде 68 800 доллар болса, «топтағылардың» 10 пайызы қатарына кіресіз, ал халықтың небәрі 1%-ын құрайтын ең бай адамдардың орташа есеппен 759 мың 900 доллардан қаржысы бар.

Құжатта орта тап мәліметтеріне көңіл бөлінген. Есепте атап өтігендей, әлемнің ересек халқының 14 пайызы орта тапқа жатады, олардың активтері 50 000 - 500 000 долларға бағаланып отыр.

2015 жылдың басында британдық Oxfam қайырымдылық ұйымының талдамашылары келесі жылдың соңына қарай әлем халқының 1 пайызының қалған 99 пайыз халықтан дәулеті көбірек болатынын ескерткен болатын. Алайда швейцариялық банк есебінен байқалып отырғандай, бұл көрсеткішке өткен жылдың өзінде қол жеткізілді - сол кезде Давоста әлемдік экономика көшбасшылары кезекті кездесуінде теңсіздік деңгейін қысқартуға уәде берген болатын.


ҚазАқпарат


 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!