Кундуздағы оқиғаны тергеуші топ госпитальға танкпен баса-көктеп кірді

Фотография - Кундуздағы оқиғаны тергеуші топ госпитальға танкпен баса-көктеп кірді

"Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының өкілдері осылай мәлімдеді.

309 0

Медиктердің айтуынша, госпитальдың айдың бас кезінде атқылануын тергемек болып келген АҚШ, НАТО, Ауғанстан билігінің өкілдері емдеу мекемесіне танк мініп келіп, ішке баса-көктеп кірген.

Дәрігерлер мәлімдемесінде былай делінген: "Олар айтпай, ескертпестен, госпитальға танкте отырған күйі кіріп, мүлікті, болған оқиғаның айғақ-дәлелдерін жойып жіберді".

 Ақ халаттылар тергеушілердің осы әрекеті арқылы алдын ала шартты бұзғандықтарын айтты. Себебі олар "әрбір тергеу амалын өткізбес бұрын келетінімізді алдын ала ескертеміз" деп уағдаласқан екен.

AP агенттігінің хабарлауынша, америкалық әскерилер мен ауған билігі бұл оғаш қылықтарына ешбір түсініктеме бере алмапты.

Естеріңізге сала кетсек, 3 қазанда Кундуз қаласындағы "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымы госпиталіне АҚШ әскерилері әуеден соққы беріп, 19 адам көз жұмды. Тағы 40-қа жуық адам жараланды.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!