Ван Дамм: 50-60 жылдан соң әлем халқы жойылады

Фотография - Ван Дамм: 50-60 жылдан соң әлем халқы жойылады

54 жастағы актердің айтуынша, 50-60 жылда Жер ғаламшарындағы бүкіл тіршілік иесі жойылып кетеді

412 0

АҚШ боевиктерінің жұлдызы Жан-Клод Ван Дамм BBC телеарнасының "5 Live Breakfast" бағдарламасында берген сұхбатында әлемнің жойылып бара жатқанына алаңдаушылығын білдіріп, адамзат баласын құтқарып қалудың жолын ұсынды.

54 жастағы актердің айтуынша, 50-60 жылда Жер ғаламшарындағы бүкіл тіршілік иесі жойылып кетеді.

"Егер де біз таяу ондаған жылдар ішінде адамзат баласының жойылып кетуін қаламасақ, бар күш-жігерімізді экология мен жануарлар дүниесін сақтап қалуға салуымыз керек. Қазір әлем тұншығып жатыр, мұның алдын алуымыз керек", - дейді Ван Дамм.

Әлемнің таяу жылдары жойылатынын айтқан бір Ван Дамм емес. Бұған дейін әйгілі физик ғалым Стивен Хокинг те дәл осындай болжам жасаған болатын. Ғалымның айтуынша, бүкіл адамзат таяу мыңжылдықта жер бетінен жойылып кетеді.

Ал британиялық инженер Мехран Кеше осы сенбі, 17 қазан күні алапат жер сілкінісі болып, жер бетіндегі бүкіл тіршілік иесі түгелдей жойылады деді.


 Bnews.kz


Тегтер:

ван дамм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!