Қытайда аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

Фотография - Қытайда аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

None

232 0

Қытайдың Гуаң Ши өлкесі Уйлинь қаласының арнайы қызметі аса ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Бұл жолғы жедел шараға 300 арнайы жасақ жұмылдырыпты. Операция кезінде есірткі заттармен қатар оны дайындауға арналған 2 тоннаға жуық шикізат тәркіленді. Осы қылмысқа қатысы бар деген 22 адам тұтқындалды. Қылмыстық топ дайын есірткіні Қытайдың түкпір-түкпіріне базарға шығаруды көздепті. Қытай үкіметі есірткімен күресті қанша күшейткенімен елдегі есірткі тұтыну көлемі азаймай отыр. Ресми деректерге сенсек, бұл елде тіркеуде тұрған 2 955 000 адам бар екен. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 6,5%-ға артық. Ал бейресми мәлімет бойынша 14 миллион адам болуы мүмкін, яғни әрбір жүзінші адам есірткіге тәуелді.


24.kz

Тегтер:

қытай есірткі

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!