Лондондағы Биг Бен мұнарасындағы сағатты төрт айға тоқтатады

Фотография - Лондондағы Биг Бен мұнарасындағы сағатты төрт айға тоқтатады

Биг Бен сағат мұнарасының биіктігі 96,3 метрді құрайды

722 0

Лондондағы Биг Бен мұнарасы жөндеуді қажет етеді, осыған байланысты ондағы сағат төрт айға тоқтатылатын болды. Британдық The Guardian газеті хабарлағандай, сағат механизмінің жеке бөлшектерін қалпына келтіруге кем дегенде 29,2 млн фунт стерлинг (шамамен $43,8 млн) жұмсалуы мүмкін, деп хабарлады ТАСС. 

Ұлыбритания парламент палатасының қаржы комитетіне ұсынылған баяндамасына сәйкес сағат тіліндегі мойынтірегі мен маятнигінің, металл  коррозиясы проблемалары туындады. Шешуді қажет ететін өзге де мәселелер бар. Егер көрсетілген мәселелер шешілмесе, онда алдағы 2-3 жылда сағат механизмі мүлдем істен шығуы мүмкін. Бұл парламент ғимаратының халықаралық имиджін түсіреді ", - делінген құжатта.


Биг Бен сағат мұнарасының биіктігі 96,3 метрді құрайды. 


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!