Венгрия мигранттар ағыны салдарынан Хорватиямен шекараны жапты

Фотография - Венгрия мигранттар ағыны салдарынан Хорватиямен шекараны жапты

Шекара жабылған соң босқындар екі шекаралық транзиттік аймақта баспана беру бойынша өтініш бере алады

315 0

Венгрия сенбіге қараған түні босқындардың келуін тоқтату мақсатында Хорватиямен шекараны жапты деп BBC News хабарлайды.

Венгрия үкіметі "Мұндай шаралар Венгрия мен Еуропа елдерінің азаматтарын қорғау үшін жасалып отыр" деген мәлімдеме таратты.

Шекара жабылған соң босқындар екі шекаралық транзиттік аймақта баспана беру бойынша өтініш бере алады.

Бұл аптада Венгрияда жаңа көші-қон заңы күшіне енді. Оған сәйкес полиция елге заңсыз кірген мигранттарды қамауға алуға міндетті. Шекарадан заңсыз өткен және шекарадағы қоршауларды бұзған адамдар үш жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін. 14 қазанда венгриялық полиция елге заңсыз кірген 367 мигрантты ұстағаны туралы хабарлады.

Венгрияның Сыртқы істер министрі Петер Сийярто бұрын ЕО елдерінің брюссельдік саммитке қатысушылары Венгрияның жалпыеуропалық шекара қызметін құру туралы ұсынысынан бас тартқанын мәлімдеген. Осылайша Будапешт бір жақты тәртіпте әрекет ете бастады. Венгрия билігінің ақпаратынша, 2015 жылдың басынан елге 383 мыңнан астам мигрант келген.

Осыған дейін Венгрия Сербиямен шекарада жаңа ережелерін бекітті. Босқындар бағытты ауыстырып, Венгрияға Хорватия арқылы келе бастады.

Қыркүйекте Венгрия Хорватияға өз егемендігін бұзды деп айыптады. Бұған Хорватиядан Венгрияға босқындар мінген пойыздың келуі себеп болды. Сонымен қатар Будапешт Румыниямен шекарада қоршау салу шешімін қабылдағаны хабарланды.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!