Ирландияда жолаушы ұшақтағы көршісін тістеп алып, қайтыс болған

Фотография - Ирландияда жолаушы ұшақтағы көршісін тістеп алып, қайтыс болған

Екі сағаттық ұшу кезінде 24 жастағы жігіттің аяқ асты есі кетіп, айналасындағыларды әбігерге салған

6145 0

Aer Lingus әуе компаниясына қарасты Лиссабон-Дублин бағындағы EI485 рейсімен ұшқан ұшақта жолаушы көз жұмды. The Irish Independent-тің хабарлауынша, оқиға жексенбі күні, 18 қазанда болған. 

 Екі сағаттық ұшу кезінде 24 жастағы жігіттің аяқ асты есі кетіп, айналасындағыларды әбігерге салады. Тіпті, қасында отырған көршісіне бас салып, тістеп алған, деп жазады RTE.ie. Экипаж мүшелері оны тыныштандырып, кеме капитаны жедел қонуға рұқсат сұрайды. Біраздан соң шу шығарған жігіттің халі нашарлап, есінен танып қалған.

Airbus A320-200 лайнері Ирландияның Корк әуежайына сағат 19:40-та (Астана уақыты бойынша) мәжбүрлі қону жасайды. The Irish Mirror-дің хабарлауынша, ол уақытқа дейін есінен танған жолаушы жан тапсырған. Ұшаққа дереу жеткен дәрігерлер марқұмның тістеп алуынан жарақат алған жігіттің жағдайын тексеріп, ауруханаға алып кетті.

Оқиға кезінде ұшақ бортында 168 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Енді қалған жолаушылар Дублинге автобуспен жеткізілмек.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, марқұм Ирландия азаматы болмаған. Болжам бойынша, ол шетелден келген студент болуы мүмкін.  


BNews.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!