Үндістанда әлемдегі ең арзан көлік таныстырылымы өтті

Фотография - Үндістанда әлемдегі ең арзан көлік таныстырылымы өтті

Үндістанның мототехника шығарумен айналысатын Bajaj компаниясы әлемдегі ең арзан көлік құралын таныстырды

384 0

Үндістанның мототехника шығарумен айналысатын Bajaj компаниясы әлемдегі ең арзан көлік құралын таныстырды.

Bajaj Qute қозғалтқышының көлемі небәрі 217 куб сантиметр. Ең арзан көліктің бағасы 2 мың АҚШ доллары тұрады.

Техникалық сипаттамаға келсек, Bajaj Qute қуаты 13 ат күшін құрайтын қозғалтқышпен, 5 сатылы беріліс коробкасымен жарақталған. Көлік жылдамдығын сағатына 70 шақырымға дейін арттыра алады.

Енді ең арзан көлік Латын Америкасы мен Африканың 16 елінде саудаға шығарылады.

Бір қызығы, Үндістан тұрғындарының өзі Bajaj Qute көлігін сатып ала алмайды. Себебі темір тұлпар елдің қауіпсіздік және экологиялық талаптарына сай келмейді. Сондай-ақ Bajaj Qute мұнда квадроцикл ретінде тіркелген. Ал үнді жерінде квадроциклды жеке тұлғаларға сатуға тыйым салынған, деп жазады informing.ru.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!