Германияда он мыңдаған адам анитиисламдық акцияға шықты

Фотография - Германияда он мыңдаған адам анитиисламдық акцияға шықты

Дрезденде 20 мыңнан астам адам антиисламдық және антимиграциялық қозғалыспен айналысатын «Пегида» ұйымы ұйымдастырған көтеріліске қатысты

171 0

Дрезденде 20 мыңнан астам адам антиисламдық және антимиграциялық қозғалыспен айналысатын «Пегида» ұйымы ұйымдастырған көтеріліске қатысты. 

Шеруге шыққандардың қолында миграцияға қарсы тақырыптардағы плакаттар болды. Кейбіреулерінде басына орамал жамылған әйелдің сұлбасы салынған. Сондай-ақ, көпшіліктің арасынан Венгрияның жалауы да көрініп қалды. Олар осылайша босқындарға қатысты заңды қатайту керек деген Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбанды қолдайтындарын білдірді.

Ангела Меркель елге босқындардың толассыз ағылуына қарсы емес. Германия мемлекеті бұл ауырпалықты да жеңеді деп есептейді ол. Ал, Венгрия үкіметі керісінше, шекара өткелдерін жабуға әрекет жасап жатыр.

Айта кетейік, «Пегида» қозғалысы өткен аптада да көтеріліс ұйымдастырған болатын. Ол кезде олар Ангела Меркельдің отставкаға кетуін талап етті.
 

Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!