Ұлыбританияда экстремизмге қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Фотография - Ұлыбританияда экстремизмге қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Ұлыбритания билігі экстремизммен күресті күшейтпек

412 0

Ұлыбритания билігі экстремизммен күресті күшейтпек.

Осы ретте күштік құрылымдар ғаламтордағы ақпаратқа назар аударып отыр. Енді балалар және әлеуметтік осал топтармен жұмыс істейтін азаматтар да қатаң бақылауға алынбақ.

Дэвид Кэмерон, Ұлыбритания премьер-министрі: - Билік экстремизммен күрес жолында аянбай тер төгеді. Осы ретте біз барлау қызметінің жұмысын жетілдіріп жатырмыз. Сондай-ақ оқу орындарын да жіті бақылауға алу керек. Балалармен жұмыс істейтін азаматтарға көп көңіл бөлінеді. Ал ғаламторда экстремистік материалдар мен үндеулер бірден жойылып отыруы шарт.

 Франция билігі болса көліктегі қауіпсіздік шараларын мықтап қолға ала бастады. Енді теміржол қызметкерлері жолаушылар мен қолжүктерді тексеріп, қажет болса, оларды вагонға кіргізбеуге де құқық алып отыр. Биліктің мұндай қадамға баруына тамызда Париж-Амстердам бағытындағы пойызда болған оқиға себеп. Ол кезде қаскүнем вагонға қару алып кіріп, жолаушыларға оқ атқан еді.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!