Биыл Африканы жаппай ашаршылық жайлайды

Фотография - Биыл Африканы жаппай ашаршылық жайлайды

Субэквоториялық Африканың бірнеше мемлекетінде егін нашар шыққандықтан биыл бұл елдердің миллиондаған тұрғыны аштан қырылуы мүмкін

622 0

Субэквоториялық Африканың бірнеше мемлекетінде егін нашар шыққандықтан биыл бұл елдердің миллиондаған тұрғыны аштан қырылуы мүмкін. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері мәлім етті.

Әсіресе, Малави үкіметі соңғы 10 жылдан бері азық-түлік тапшылығының салдарынан халқын тойдыра алмай отыр. Зимбабведе биылғы егін өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға төмендеп кеткен.

БҰҰ мәлімдеуінше, бұл өңірдегі елдерде құрғақшылық жайлап, егін жеткілікті мөлшерде су ішпеген. Ал Мадагаскарда, керісінше, үздіксіз жауған жаңбырдың салдарынан өнім шықпай қалған. Мамандар келер жылы да дәл биылғыдай жағдайдың қайталануы мүмкін екендігін айтады.


Bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!