Tata Steel компаниясы Британидағы жұмысшылар санын қысқартады

Фотография - Tata Steel компаниясы Британидағы жұмысшылар санын қысқартады

Бүкіл әлемге танымал үндістандық Tata Steel өндірістік компаниясы Ұлыбританияда жұмыс істеп тұрған екі зауыттың қызметкерлерін қысқартпақ

167 0

Бүкіл әлемге танымал үндістандық Tata Steel өндірістік компаниясы Ұлыбританияда жұмыс істеп тұрған екі зауыттың қызметкерлерін қысқартпақ.

Осыған байланысты 1200 адам жұмыссыз қалатын түрі бар. Қытайдан арзан шойын молынан әкелініп жатқандықтан, баға құлдыраса керек. Қысқартудың да басты себебі осы екен. Британдық премьер-министр Дэвид Кэмерон бұл мәселе Қытай президентімен кездесу кезінде көтеріледі деп мәлімдеді. Өндіріс саласындағы ауыр жағдай көптеген сарапшыны алаңдатып отыр. Себебі металлургия Ұлыбритания экономикасындағы кірістің 10%-ын қамтиды.

Бимлендра Джа, Tata Steel компаниясының атқарушы директоры:

- Біз мәжбүр болғандықтан, жұмысшыларды қысқартқалы жатырмыз. Осыны адамдарға түсіндіруіміз керек. Қазір біз Ұлыбританиядағы өңдеу өнеркәсібін сақтап қалу үшін үлкен күрес жүргізіп жатырмыз.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!