Таиландта бір топ піл мотоциклшіні таптап тастады (ВИДЕО)

Фотография - Таиландта бір топ піл мотоциклшіні таптап тастады (ВИДЕО)

Пілдердің мотоциклшіге шабуылдағаны бейнеленген видео YouTube хитіне айналды.

438 0

Таиландта ондаған піл таптай жаздаған мотоциклші зорға дегенде ажалдан аман қалды. Байкердің аумақта қатты жүруі жануарларды қатты "ашуландырған".  

Пілдердің мотоциклшіге шабуылдағаны бейнеленген видео YouTube хитіне айналды. Ролик авторының айтуынша, ескі байктың құлаққа жағымсыз дауысы пілдерді осындай қылыққа итермелеген. Олар бірнеше рет адамға жақындап келген, мотоциклді аяқтарымен "таптаған". Алайда пілдер байкерге тиісе қоймаған.

Оқиға Кхауяй қорығында орын алғаны белгілі болып отыр. Мотоциклші дереу орманға тығылып, жануарлардың ашуы басылғанда ғана шыққан көрінеді.


ҚазАқпарат


Тегтер:

піл YouTube

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!