Жапонияда татуировкасы бар адамдарға моншаға келуге тиым салынды

Фотография - Жапонияда татуировкасы бар адамдарға моншаға келуге тиым салынды

Жапония қонақүйлерінің жартысына жуығы жаңа тәртіп енгізуде

6120 0

Жапония  қонақүйлерінің жартысына жуығы жаңа тәртіп енгізуде.

Енді мұнда денесінде сурет немесе түрлі таңбалары бар адамдардың қоғамдық монша немесе бассейндерге шомылуға келуіне тыйым салынуда, деп жазады The Telegraph.

Осы ретте жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша мұндай тыйымның тек жергілікті тұрғындар емес, туристерге де қатысты екендігі анықталды.

Қазір елдегі мейманхананың тек 31%-ы ғана денесіне жазу жазылып, таңба салынған адамдарды монша мен бассейндеріне еркін кіргізіп-шығаруда. Ал қонақүйлердің 10%-ы тек клиенттер денесіндегі сурет-таңбаларын киіммен немесе өзге жамылғымен жапқан жағдайда ғана кіргізеді.

Басылым атап өткендей, жапон қоғамында татуировкалар Батыс елдеріндегідей кеңінен таралмаған. Ал жапондардың басым бөлігі денедегі суреттер мен таңбаларды якудза қылмыстық тобымен ғана байланыстырады.

24.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!