АҚШ-та бұғы бір отбасына шабуылдаған

Фотография - АҚШ-та бұғы бір отбасына шабуылдаған

Төрт мүшесі бар отбасына шабуыл жасаған бұғы мүйізімен бір адамды жарақаттаған

1353 0

Сирек кездесетін бұл оқиға Арканзас штатында орын алған. Төрт мүшесі бар отбасына шабуыл жасаған бұғы мүйізімен бір адамды жарақаттаған. Бұл жайында Пуласк аймағының полициясы хабардар еткен, деп хабарлайды ТАСС.

 Құқық тәртібін қадағалайтын мекеме мәлімдемелері бойынша, Литл-Рок бекетінен батысқа қарай орналасқан орманды мекенде тұрақтаған отбасына бұғы шабуыл жасаған. Үй айналасына еніп алған бұғыдан құтылу мақсатында отбасы автокөлікке қарай беттейді. Алдымен бұғы ерлі-зайыптыға шабуыл жасап, содан кейін оларға көмек көрсетем деген үлкен ұлдарына да қарсы шығады.Отбасы үйдің ішіне кіріп кетуге тіпті үлгермеген екен.

"Бұғы алдымен әкеме, одан кейін анама қарай шабуылдады. Әйелім көлікке жеткенше оны барынша алыстаттым", - деп зардап шеккен Дэвид Болдуин оқиға барысын баяндап берді. Бұғы болса Дэвидті үш рет мүйізімен жарақаттаған екен. Жарақат зардабынан көп қан жоғалтқан.

Отбасы жедел түрде полиция қызметкерлеріне хабар берді. Полицияға да дес бермеген бұғыны қызметкерлер үш оқпен жарақаттаған. Оған қарамастан бұғы өз шабуылын тоқтапаған. Содан кейін ғана, қатардағы қызметкер толық оқсауытын бұғыға қарсы жұмсап, жануарды тоқтатқан. 


BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!