Мексика үкіметі 50 мың тұрғынды эвакуациялауға мәжбүр

Фотография - Мексика үкіметі 50 мың тұрғынды эвакуациялауға мәжбүр

Елдің жағалауына жақындап қалған "Патрисия" дауылының бүгінде қарқыны күшейген

836 0

Мексика билігі 50 мыңнан аса адамды эвакуациялауға мәжбүр. Елдің жағалауына жақындап қалған "Патрисия" дауылының бүгінде қарқыны күшейген деп жазады ТАСС. 

Мексика Азаматтық қорғаныс күші «Патрисия» дауылының одан әрі күшеюінен қауіптеніп, Халиско, Наярит және Колима аймақтарындағы 50 мыңға жуық адамды қауіпсіз жерлерге көшіруді бастады. Циклон Тынық мұхиты жағалауынан 400 шақырым жерде болып, секундына 5,5 метр жылдамдықпен солтүстік-батысқа қарай бағыт алған. Желдің жылдамдығының екпіні секундына 66-дан 72 метрге дейін жетіп отыр. Дауыл диаметрі шамамен 400 шақырымды құрайды.

Жергілікті билік өкілдерінің бағалауынша, жақын уақытта "Патрисия" қарқынын тағы күшейтетін болады. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі Мигель Анхель Осорио Чонг депутаттар отырысында мәлімдеді. «Мен осы штатардың (Колима, Наярита және Халиско) басшыларымен сөйлестім. Жағдай бұдан да қиын болуы мүмкін. Біз адамдарды көшіруден басқа ешқандай шара қолдана алмаймыз. Дауыл күшейіп, одан әрі жалдамдығын көбейтсе, бұдан да қиын жағдайда қалуымыз мүмкін» деді министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, дауыл тек осы аймақтарды ғана емес, бүкіл елге қатер төндіруі мүмкін деген болжам бар. Сондықтан, Азаматтық қорғаныс күші 258 мың адамды уақытша көшіруге жағдай жасауда дейді ол.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!