Брюссельде "Тоттенхэм" және "Андерлехт" жанкүйерлері арасында төбелес болды

Фотография - Брюссельде "Тоттенхэм" және "Андерлехт" жанкүйерлері арасында төбелес болды

Оқиға Гар дю Миди вокзалы маңындағы "BAR BQ" кафесінде орын алған.

455 0

 Бейсенбі күні Брюссельдің орталығында Бельгияның "Андерлехт" футбол клубының бір топ жанкүйері ағылшынның "Тоттенхэм" клубының жанкүйерлеріне тап берген.

Оқиға Гар дю Миди вокзалы маңындағы "BAR BQ" кафесінде орын алған. Олар өз командаларының Еуропа лигасы аясында "Андерлехтпен" өткізетін жолдастық кездесуі алдында жиналған екен.

Британдықтардың саны 50-дей болған. Оларға тап берген "Андерлехт" жанкүйерлерінің саны 100-ден астам болған.

Іште отырған ағылшындарға ашуға булыққан бельгиялықтар бөтелке, орындық лақтырып, оның арты төбелеске ұласқан.

Оқиға салдарынан 1 адам ауыр жараланып, оншақтысы әртүрлі деңгейде жарақат алған. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!