Грекияда журналистер ереуілге шықты

Фотография - Грекияда журналистер ереуілге шықты

Бұл наразылық қозғалысы Греция парламентінің телевизиялық хабар таратуды лицензиялау туралы заң жобасын енгізгеннен кейін басталды

188 0

Бұл наразылық қозғалысы Греция парламентінің телевизиялық хабар таратуды лицензиялау туралы заң жобасын енгізгеннен кейін басталды. Өйткені, жаңа ереже лицензия үшін қаржы төлемейтін жеке телеарналардың жабылуына әкеп соғуы мүмкін деп жазады РИА Новости. 

Заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты Грекиялық журналистер одағы - Афиналық күнделікті газеттердің редакторлар одағы (ESIEA), Электронды және мерзімді БАҚ журналистер одағы наразылықтарын білдіріп, ереуілге шықты. Аталған наразылық шарасы Франция президенті Франсуа Олландтың Афинаға іс-сапармен келген күні орын алуда.

Журналистер одағының шешімі бойынша ереуіл 23 қазан сағат 6-дан бастап 24 қазан сағат 6-ға дейін ERT мемлекеттік радиосы мен телевизиясында(веб-сайттар агенттігі, теледидар және радио хабарын дайындау және өндіру агенттіктері, радио станциялары), Ақпарат және баспасөз Бас хатшылығында, аймақтардың баспасөз қызметтерінде, шетелдегі греция елшішіліктерінде және жекеменшік телеарналарда жалғасады.

"ESIEA одағының басшылығы журналистердің үкіметке тәуелсіз болуын, сөз бостандығы болуын қалап, позицияларын өзгермейтінін айтып отыр. Олар БАҚ өкілдерін мемлекеттік қызметкерге айналдырмауды талап етуде. Сондай-ақ, жаңа медиа кеңістікте қазіргі қызметтегі журналистерді жұмыспен қамтамасыз ететініне де кепілдік жоқ" делінген хабарламада.
Ал, биліктегілердің айтуынша, олар телевизия саласында тәртіп орнатуға ниетті. Өйткені телеарналар уақытша рұқсат қағазымен 25 жылдан бері лицензиясыз жұмыс істеп келеді.

Сондай-ақ, тәуелсіз сарапшылар да аталған заңның қабылдануы сақтандыру қорына салық төлемейтін лицензиясы жоқ көптеген телеарнаның жабылуына әкеледі дейді.
 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!