Франциядағы жол апатынан 42 адам қаза тапты

Фотография - Франциядағы жол апатынан 42 адам қаза тапты

Бұған дейін көз жұмағандар саны 39 адам деп хабарланған болатын

481 0

 Францияның оңтүстік-батысындағы Жиронда департаментінің Либурн қаласында жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің қатысуымен болған ірі жол-көлік апаты салдарынан 42 адам қаза тапқан.

Бұған дейін көз жұмағандар саны 39 адам деп хабарланған болатын.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қуатты соқтығысудан кейін екі көлік құралы өртене бастаған.

Жол-көлік оқиғасы орнына 60 өрт сөндіру көлігі келіп жетті. Төтенше оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп жазады шетелдік БАҚ. 


ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!