Еуропада зәйтүн ағаштары жаппай жойылуда

Фотография - Еуропада зәйтүн ағаштары жаппай жойылуда

Франциялық фермерлер зәйтүн ағашына төнген қауіпке алаңдаулы

267 0

Франциялық фермерлер зәйтүн ағашына төнген қауіпке алаңдаулы.
 Бүгінде елдің оңтүстігі мен Корсика аралындағы алқаптарға таралған улы бактерия өсімдікті өсірмей, қуратып жатыр. Бұл вирус бастапқыда АҚШ-тың Калифорния штатында анықталған. Таяуда италиялық фермерлердің өнімі де қатерлі кеселге тап болыпты. Олардың айтуынша, бактерия зәйтүн ағаштарымен бірге жүзім алқаптарына да ене бастады. Оған қарсы амалдың жоқтығынан қазір шаруалар уланған ағаштарды шауып алып жатыр. Италияның өзінде миллионнан астам зәйтүн түп-тамырымен қопарылды. Депутаттар болжамы бойынша, жағдай осылай жалғаса берсе, кәрі құрлықтағы ауылшаруашылық саласының тұралап қалатын түрі бар.

Стефан Ле Фоль, Францияның ауыл шаруашылығы министрі:
- Менің ұсынысым бойынша Италияның ағаш саудасын шектеу қажет болатын. Бірақ тиісті шешім әлі күнге шығарылмады. Италиялық алқаптарды жойған ағаштар біздің елдегіден өзгеше. Енді біз қолдан келетін амалды жасап жатырмыз. Сол үшін ағаштарды түгелдей жоюға мәжбүрміз.

24kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!