Флоридада соңғы 20 жылда алғаш аю атуға рұқсат берілді

Фотография - Флоридада соңғы 20 жылда алғаш аю атуға рұқсат берілді

АҚШ-тың Флорида штатында бүгін, 25 қазанда соңғы 20 жылда алғаш рет аю ату маусымына рұқсат берілді

445 0

АҚШ-тың Флорида штатында бүгін, 25 қазанда соңғы 20 жылда алғаш рет аю ату маусымына рұқсат берілді. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлайды.

Дереккөзіне сүйенсек, жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссия лицензиясы бар аңшыларға жалпы саны 320 қара аю атуға ғана рұқсат беріп отыр. Штат билігінің айтуынша, бұл бастаманың мақсаты - өңірде аю саны көбейіп кеткендіктен, аңның өсу қарқынын тұрақтандыру.

Ал, жануарлар әлемін қорғау саласындағы мамандардың айтуынша, штаттың әкімшілігі қоқыс қалдықтарын тазалау жүйесіне де мән беріп, тиісті шараларды қолға алуы қажет. Себебі, жабайы жыртқыштың адам тұратын аудандарға жақындауына басты себеп - қоқыстағы   ас қалдықтарының иісі.

Ассошиэйтед пресс агенттігінің хабарлауынша, жабайы аңды аулау маусымы бір аптаға созылады, бірақ, белгіленген лимит, яғни, 320 аю атылмаса, аң аулау маусымы жалғаса береді.

Тағы бір қызық дерекке көз жүгіртсек: мемлекеттік комиссия белгілеген ереже бойынша, аңшы аю атып өлтірген соң, 12 сағат ішінде 33 арнайы станциялардың біріне хабар беруі керек. Егер бұл ереже сақталмаса, аңшы 50-500 доллар көлемінде айыппұл төлейді, тіпті, 60 күн түрмеге қамалуы да мүмкін.


ҚазАқпарат


Тегтер:

флорида аю ату

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!