Венгрияда босқындарға қарсы әскер жасақталуы мүмкін

Фотография - Венгрияда босқындарға қарсы әскер жасақталуы мүмкін

Будапештте "Йоббик" оңшыл партиясын жақтайтын мыңдаған адам шеру өткізді

302 0

Будапештте "Йоббик" оңшыл партиясын жақтайтын мыңдаған адам шеру өткізді.

Қолдарына шырақ ұстап шыққан халық Еуропаның Таяу Шығыс пен Африкадан келген келімсектерді қабылдауына қарсылық білдірді. Бұған дейін Венгрия, Сербия және Хорватиямен арадағы шекара жабылған еді. Алайда партия басшысы мұны жеткіліксіз санап, еріктілер арасынан шекара күзететін әскер жасақтауды ұсынды.

Габор Вона, "Йоббик" партиясының көшбасшысы: - Келімсектердің көші енді ғана басталды. Әлемнің түкпір-түкпірінде әскери алаңдар көбеюде. Бұл жағдай Еуропаға, оның ішінде Венгрияға да жақындап келеді. Біз рухани жағынан да, физикалық жағынан да мықты болуымыз керек. Сондықтан да еріктілерден әскер жасақтауымыз қажет.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!