Канадада 27 жолаушысы бар кеме суға кетті

Фотография - Канадада 27 жолаушысы бар кеме суға кетті

Оқиға Канаданың батыс жағалауында орналасқан Ванкувер аралына жақын жерде орын алған

304 0

Канадада Jamie’s Whale Watching компаниясының саяхатқа арналған кемесі суға батып кетті. Оның бортында 27 адам болған деп жазады BBC News. 

Оқиға Канаданың батыс жағалауында орналасқан Ванкувер аралына жақын жерде орын алған. Бұл маңға әдетте туристер теңіздегі ең ірі сүтқоректі жануар - китті тамашалауға келеді.

Құтқару операциясын үйлестіруші орталықтың айтуынша, жергелікті уақытпен сағат 16:00-де апат жайлы хабар келіп түскен.

Қазіргі кезде құтқарушылар оқиға орнында іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Бірнеше адамның қайтыс болғаны белгілі, алайда ресми мәлімет жоқ. Бейресми деректер 3 адамның көз жұмғанын айтады, деп жазды baq.kz.


Тегтер:

канада әлем

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!