Ресейлік жігіт әскерге бару үшін 46 келіге арықтаған

Фотография - Ресейлік жігіт әскерге бару үшін 46 келіге арықтаған

Кемерово облысының 20 жастағы тұрғыны әскери борышын өтеу үшін 46 келіге арықтаған

407 0

Кемерово облысының 20 жастағы тұрғыны әскери борышын өтеу үшін 46 келіге арықтаған, деп хабарлады РИА "Новости" Орталық әскер округ өкілі Ярослав Рощупкинге сілтеме жасап.

"Кузбастағы Прокопьевскіден әскерге шақырылған жиырма жастағы Сергей Малёванный Отан алдындағы борышын өтеу үшін 46 келі салмақтан арылды. Осылайша ол өзінің әскерге жарамдылық деңгейін "Г" (әскери қызметке уақытша лайық емес) деңгейінен  "А" (әскерге жарамды) деңгейіне көтерді. Ол арнайы қызметте, барлау және ӘӘК  қызмет ете алады", - деді Рощупкин.

Көктемде әлембұл жігіттің бойы 171 см, ал салмағы 130 келі болып, әскери борышын өтеуге жарамсыз деп танылған. 


ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!