Ауғанстанда болған жер сілкінісі бүкіл Орта Азияны қамтыды

Фотография - Ауғанстанда болған жер сілкінісі бүкіл Орта Азияны қамтыды

Ауғанстан мен Пәкістандағы жер сілкінісінен 220-дан аса адам көз жұмған

1751 0

 Ауғанстан мен Пәкістандағы жер сілкінісінен соңғы мәлімет бойынша кем дегенде 220 адам көз жұмған. БҰҰ зілзаладан зардап шеккендерге қол ұшын созуға дайын.

Бұл туралы журналистерге БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Қуатты жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 14.09-да орын алған. Cоңғы мәлімет бойынша, Ауғанстанда  апат салдарынан 80 адам көз жұмса, 200-ден астамы зардап шекен. Пәкістандағы көз жұмағандар саны 140 адамға жетті, мыңнан аса адам зардап шеккен. Ал пәкістандық БАҚ 165 адам көз жұмды деп хабарлауда. 

Естеріңізге сала кетейік, "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциясы желісі 26 қазанда сағат 15:09-да жер сілкінісін тіркеді. 

Жер сілкінісі эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 904 шақырым қашықтықта Ауғанстан шекарасында орналасқан.

Энергетикалық класы – 15.2. Магнитудасы – 7.2. Тереңдігі – 150 шақырым. 

Жер сілкінісінің сезілуі: Шымкент қаласында – 4 балл, Тараз қаласында – 3-4 балл.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!