Иорданияда пиротехникалық өнімдер жарылып, сегіз адам көз жұмды

Фотография - Иорданияда пиротехникалық өнімдер жарылып, сегіз адам көз жұмды

Иордания астанасы Амманда пиротехникалық өнімдер салынған 2 контейнерде жарылыс болды.

214 0

Иордания астанасы Амманда пиротехникалық өнімдер салынған 2 контейнерде жарылыс болды.

 Оқыс оқиғадан 8 адам қаза тауып, оннан астамы жарақат алған. Аталған контейнерлер кедендік қоймалар аумағында тұрған болатын. Осы елдің азаматтық қорғаныс офицерінің мәлімдеуінше, жараланғандардың кейбірі ауыр жағдайда жатыр. Оқиға орнына Иорданияның премьер-министрі мен ішкі істер министрі келді. Үкімет басшысы жарылыс себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрған. Сонымен қатар, премьер-министр Иорданияда пиротехникалық өнімдерді сырт елден әкелуге тыйым салынғанын айтты.

Салех Ибраһим, куәгер:
- Жарылыс болған кезде үйде отырғанмын. Соғыс басталып кетті деп ойлап қалдым. Биіктеу жерге шығып қарасам, фейерверктер атылып жатыр екен. Маңындағы көліктер отқа оранып, өтіп бара жатқан адамдардың жарақат алғанын көрдім.


24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!