Темекі шеккен қызын әкесі сойылмен ұрып, соққыға жықты

Фотография - Темекі шеккен қызын әкесі сойылмен ұрып, соққыға жықты

Темекі шегіп тұрған қызын ұстап алған әкесі тәртіпке салу мақсатында бейсбол таяғымен ұрған

1065 0

Красноярскідегі Киров ауданы ауруханасына 14 жастағы жасөспірім қыз жеткізілді. Ол жабық ми жарақатын алған. Дәрігерлер полиция шақырды.

Олар қызға әкесінің қол жұмсағанын анықтады.

39 жастағы ер адам ұсталды. Ол қызын темекі шегіп тұрған кезде ұстап алғанын айтқан. Оны жөнге келтіру үшін бейсбол таяқшасымен ұрған болып шықты.

Құқық қорғау органдары оның үстінен қызының денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық іс қозғады. Мәселенің мән-жайы анықталуда.

Күдікті бұдан бұрын сотты болған. Алайда отбасы әлеуметтік қызмет назарына ілікпеген,деп хабарлайды piter.tv.


ҚазАқпарат


Тегтер:

ресей әлем

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!