Тәжікстанда үлкен қауын үлгісінде шайхана салынды

Фотография - Тәжікстанда үлкен қауын үлгісінде шайхана салынды

Душанбеден 20 шақырым жерде орналасқан Гиссар кентінде үлкен қауын үлгісінде салынған шайхана ашылды

366 0

Душанбеден 20 шақырым жерде орналасқан Гиссар кентінде үлкен қауын үлгісінде салынған шайхана ашылды.  

Гиссар кентінің 3000 жылдық мерейтойына орай ашылған шайхананың салтанатты жиынына Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон арнайы келді.

Ежелгі қала құрылысындағы дәстүрлерді сақтай отырып салынған бұл нысанның бикітігі 43 метр, ені 55, ұзындығы 100 метрді алып жатыр.

Соңғы жылдары Тәжікстанда көптеген жаңа мерекелер тойлануда. Олар қауын және қарбыз күні, бал мерекесі, палау және асқабақ, сондай-ақ, күз мезгілі кезінде көкөніс, жеміс жидектің пісіп жетілуіне байланысты да мерекелерді атап өтеді.

Айта кетейік, 2009 жылы Тәжікстанда салмағы – 1,25 тонна, ені 7 метр, ұзындығы 1501 метрді құрайтын ту тігілген болатын.
Сондай-ақ, бүгінгі күні Душанбе қаласында Орта Азиядағы ең үлкен мешіт тұрғызылуда. Оның аумағы Тәжікстан мемлекеті картасының формасында болады деп жоспарланып отыр.


baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!