Қырғызстан президенті ел Үкіметін отставкаға жіберді

Фотография - Қырғызстан президенті ел Үкіметін отставкаға жіберді

сурет kyrtag.kg сайтынан

Алмазбек Атамбаев "Қырғыз Республикасы Үкіметінің отставкасы туралы" Жарлыққа қол қойды

340 0

Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев "Қырғыз Республикасы Үкіметінің отставкасы туралы" Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайтынан хабарлайды.

"Жарлыққа сәйкес, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің жаңа VI шақырылымы қызметінің басталуына, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші бұрынғы шақырылымы өкілеттігінің тоқталуына байланысты және тиісінше Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің "Қырғызстан социал-демократиялық партиясы", "Ар-Намыс" және "Ата-Мекен" фракцияларының арасында 2014 жылғы 31 наурыздағы коалициялық келісімнің негізінде қалыптасқан "Мемлекеттілікті нығайту үшін" коалициясының парламенттік көпшілік мәртебесінің жойылуына байланысты Қырғыз Республикасы Конституциясының 65-бабы, 84-бабының 7-бөліміне, Қырғыз Республикасының "ҚР Үкіметі туралы" конституциялық Заңының 1-бөлімінің 1-тармағы және 13-бабының 4-бөліміне сәйкес қаулы етіледі: 1. Қырғыз Республикасының Үкіметі отставкаға кетті деп саналсын", - делінген құжат мәтінінде.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!