Индонезияда түтін салдарынан 19 адам қайтыс болды

Фотография - Индонезияда түтін салдарынан 19 адам қайтыс болды

Елдегі тұман мен түтін орман өртенуінің салдарынан тарап отыр дейді мамандар

361 0

Индонезияда қалың тұман мен түтіннің салдарынан распираторлы аурулар кең таралып, салдарынан 19 адам көз жұмған деп жазады ТААС.

Қайтыс болғандардың басым көпшілігі – балалар. Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің мәліметінше, жарты миллионға жуық адам тыныс органдарының өткір аурулары диагнозымен тіркелген. Сонымен бірге, ауасы ластанған бұл аумақта қазір 43 млн-нан аса адам тұрып жатыр.

Елдегі тұман мен түтін орман өртенуінің салдарынан тарап отыр дейді мамандар. Сондай-ақ, түтін тек Индонезияға ғана емес, Азиядағы басқа да елдерге, әсіресе, Тайланд мемлeкетінің аумағына кең таралған.

Тұрғындардың айтуынша, Индонезиядағы Суматра мен Борнео аралдарында жыл сайын ағаштарды от пайдалану арқылы түбірімен кеседі. Өрт осының салдарынан шығып отыр дейді олар.

Сондай-ақ, Индонезия президенті Джоко Видодо АҚШ-тағы сапарын тоқтатып, бұл дағдарыстан шығу амалдарын қарастыру үшін елге оралды.

Ал, елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мұны адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағалауда, деп жазды baq.kz.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!