Motorola экраны сынбайтын смартфон жасап шығарды

Фотография - Motorola экраны сынбайтын смартфон жасап шығарды

Сыртқы қабат қорғаныш қабаты болып саналады және зақымданған жағдайда ауыстыруға болады.

464 0

Motorola компаниясы экраны сынбайтын Droid Turbo 2 смартфонын жасап шығарды. Телефонның дисплейі екі қабаттан тұрады - ішкі және сыртқы. Сыртқы қабат қорғаныш қабаты болып саналады және зақымданған жағдайда ауыстыруға болады.  

Motorolaның зерттеуіне қарағанда, әлемде әр 2 секунд сайын ұялы телефонның экраны сынатын көрінеді. Ал смартфон тұтынушыларының 63 пайызы жөндеу жұмыстары қымбат болғандықтан  сынған экрандықайта жөндеуге бермейді.

Телефонның 3 гигабайт оперативтік жады бар, сондай-ақ негізгі камераның түсіру сапалығы 21 мегапиксель және 5 мегапиксельді фронтальды камера да бар.

Құрастырушылар смартфонның аккумуляторы 48 сағатқа шыдайтындығын айтты. Модель Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайды, деп жазады шетелдік БАҚ.

ҚазАқпарат

 


Тегтер:

смартфон Motorola

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!